Шоқ тілді Шона
41 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Жылдың әр мезгілінде түрлі өрт оқиғалары болып жатады. Сол үшін кез келген уақытта сақтық шараларын қолға алып отыру керек.
Аудан және ауыл тұрғындары жаз басталысымен күз айына дейін малдың қыстық жем шөбін дайындау үшін білек сыбана еңбек етеді. Ең өкініштісі, көп күнгі еңбегіңді, қомақты қаражатты, санаулы минуттарда тілсіз жау орап, бір сәтте күлге айналдыруы әбден мүмкін.
Тұрғындардың отты абайсыз қолдануы және балалардың отпен ойнауы, қыстық азық шөптің жойылуымен қатар, адам өміріне, жиналған шөп жақын тұрған үй-жайлар мен қораға және басқа да құрылыстарға үлкен қауіп әкеледі. Бүгінгі күнге дейін аудан аумағында қысқа дайындалған мал азығының өртенуі бойынша 6 оқиға орын алды. Қыс мезгіліне деп жиналған 4000 түк шөп өртке оранып, толығымен жанып кетті.
Тілсіз жау ешқашан айтып келмейді. Сондықтан, одан әрқашанда сақтанып, алдын алу жұмыстарын жүргізіп отыру керек. Мәселен қора-қопсыны тазалау кезінде от жағып, қадағалаусыз қалдырмау, тұрғын үй ауласында тазалық жұмыстарын жүргізу барысында отқа абай болу, шегілген темекінің әрдайым шоғын сөндіріп тастау керек,
Тұрғын үйдің учаскелерінде шөп жинау кезінде төмендегі жағдайларға ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ:
– қоралардың шатырларына және басқа да шаруашылық құрылыстарына жинауға;
– электр жеткізу желілерінің астына жинауға;
– учаскенің сыртқы қоршауынан кемінде 3 метр қашықтықтан жақын жерге;
Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамай өрттің туындауына себепкер болған тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес (Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу немесе орындамау) әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Құрметті аудан тұрғындары! Бұл ескертпелер мен мысалдар Сіздердің және жанұяларыңыздың қауіпсіздігі үшін ескертіліп отыр. Өрт қауіпсіздігі ережелерінің барлық талаптарын қатаң сақтаңыздар.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.