САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

437 Views

Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов аудандық мәдениет саласының қызметкер­лерімен кездесті.
Кездесуде мәдениет және кітапхана саласында атқарылған жұмыстар сөз болып, ол туралы аталмыш бөлімінің басшысы Рүстем Қырықбаев баян­дама жасады. Сондай-ақ, бөлім басшысы аталмыш жиында алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстарды да кеңінен сөз етті. Баяндамадан кейін сала қызметкерлері өз ұсыныс-пікірлерін аудан басшысының назарына жеткізіп, өз ойларымен бөлісті.
Аудан басшысы алдағы уақытта халыққа ұсынылатын мәдени іс-шара­ларды жаңа қырынан ұйымдастыру қажет екенін айтып, көтерілген мәселелердің бәрі кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: