Аудан басшысы кітапханаға кітап сыйлады
54 ViewsӘулиеата өңірінде кітап оқу мәдениетін дамыту мақсатында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Осы орайда, өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов кітапхана қызметкерлерімен жеке кездесіп,…
Ауыл тазалығы, оның көркі мен сәні – әрбір тұрғынның өз ауласы мен үйінің маңынан басталады емес пе? Ендеше, ауылымыздың тазалығына бірге атсалысайық. Аптаның әр сенбі күндері өз аулаларыңызға, аула маңына сенбілік ұйымдастырып, қоқыстан тазарту, шөбін шабу, әктеу, сырлау жұмыстарын жүргізулеріңізді сұраймыз. Тұрғылықты жеріміздің таза болуына өз үлесімізді қосып, аулаларымыз бен көшелерімізді тазалауда белсенділік танытайық. Ауылымызды гүлдендіріп, көшелерімізді көркейтеміз десек, санитарлық тазалықты өзімізден бастағанымыз жөн болар. Туған өлкенің тазалығын қадағалау – әрбір тұрғынның азаматтық парызы екенін естен шығармайық!
Құлан ауылдық округі
әкімінің аппараты.