АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

308 Views

Құрметті Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғындары! Сіздерді мына жайттан хабардар еткіміз келеді. Аудан орталығы болып есептелетін Құлан ауылы, Жібек жолы көшесінің бойына қазіргі заман талабына сай келетін 20 дана бейнебақылау камералары орналастырылды. Қазір сол 20 бейнебақылау камерасы іске қосылып тұр. Өздеріңіз білесіздер, бүгінде жол жүру қағида­ла­рын өрескел бұзушылық тыйылмай тұр. Бұдан былай, масаң күйде көлік құралын басқару, көлікті басып озу, қарсы жүріп өту, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, қауіпсіздік белдіктерін және балаларды ұстайтын құрылғыларды пайдалану және т.б қағидаларды өрескел бұзған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы туралы ескертеміз.

Аудандық полиция бөлімі.

Поделиться ссылкой: