Қауіпсіздік ережесін қатаң сақтаған абзал

533 Views

Суға шомылу маусымы кезінде аймақтағы демалу орындары, бассейндер мен өзен көлдердің жағасы демалушыларға толы болады. Дегенмен, судағы қауіпсіздік ережелері мен алғашқы көмек көрсету ережелерін ұмытпағанымыз жөн.
Қайғылы көрсеткіштердің себебі – қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып табылады. Балалардың суға кетуіне бірден-бір себеп, ол – демалыс орындарында балаларды қараусыз қалдыратын ата-аналар мен аға буынның жауапкершілігінің төмен болуы, балаларға қауіпсіздік ережелерін дұрыс түсіндірмеуі.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары 2022 жылдың жаз айларын қауіпсіз өткізу мақсатында ауыл аймақтарда су айдындарын, тоған – көлдерді аралап, рейдтік іс-шаралармен қатар, 2022 жылдың жаз мезгілінде облысымыздың аумағында орын алған қайғылы оқиғаларды мысал келтіре отырып, балаларды қараусыз қалдырмауды және шомылу ережелері мен талаптарын қатаң сақтауларын ескертті.
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:
1. Суға тек қана рұқсат етіл­ген орындар мен жаға­жайлар­да шомылыңыз­дар;
2. Суға шомылатын жерді, судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз;
3. Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз;
4. Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз;
5. Суға түскенде бір-біріңізді және балаларды көзден таса қылмаңыз;
6.Қоршау белгілерінен тысқары аумаққа шықпаңыз.
7. Техникалык ескерту белгілерінің және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар;
Есте сақтаңыздар! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.

Аудандық Төтенше жағдайлар
бөлімі мен №10 ӨСБ-і.

Поделиться ссылкой: