Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің НАЗАРЫНА!

490 Views

«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау туралы» № 36-5 шешімімен сайланған кейбір комиссия мүшелерінің өз еріктерімен мерзімінен бұрын комиссия мүшелігінен шығып кетулеріне байланысты төмендегі аталған, яғни № 331, № 342, № 343, № 344, № 346, № 355, № 357, № 358, № 359 учаскелік сайлау комиссияларына бір орынға бір кандидаттан, ал № 360, № 486 учаскелік сайлау комиссияларына екі орынға екі кандидаттан өз кандидатураларыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.
Сіздер өз тараптарыңыздан 2022 жылдың тамыз айының 20-на дейін жоғарыдағы аталған сайлау комиссияларына өз кандидаттарыңыздың тізімі мен қажетті құжаттарын ұсына аласыздар. Атап айтқанда:
1. Кандидатты тиісті сайлау комиссиясының құрамына ұсыну туралы саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органдары отырысының хаттамасынан үзінді.
2. Саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарына тіркелгені туралы құжаттардың көшірмесін.
3. Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші қоса жіберіледі.

Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты аппаратының мекен-жайы: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі № 75. Байланыс телефондары 2-12-23, 2-12-76. Электрондық пошта: E-mail: masl.t.ryskulova@mail.ru.

Аудандық мәслихат аппараты.

Поделиться ссылкой: