Табиғатты өрттен қорғау– әр азаматтың парызы

512 Views

Шілденің орта белінен басталып, қыркүйектің ортасына дейін жалғасатын аптап ыстық, таулы-далалы алқапта, жалпы табиғат аясында орын алатын өрт оқиғаларын жиілетеді.
Құрғақ шөп күннің ыстықтығынан, басқа себептерден тұтанса, аз мерзімнің ішінде ұлан-ғайыр аумақтарға жайылып, алапат өртке айналады. Ең қауіптісі, орманға, егіндікке жайылып кету апатын да тудырады. Мал жайылымын құртып, мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтардың нысандарына, аша-тұяқтысына қауіп төндіреді.
Бүгінгі таңда табиғат аясында орын алған өрттің шығуына көбінде адамның да себебі болатындығын айта кетуге болады. Даладағы өрттің көпшілігінде автокөлік тасжолының бойынан басталатындығын – анықтау жұмыстары көрсетіп отыр. Мысалы көлік жүргізушісінің өшірмей терезеден лақтырған темекі тұқылы, ауыл шаруашылық техникаларында жарамды ұшқын сөндіргішінің жоқтығы өртке себеп.
Сонымен қатар малшылардың да отты абайсыз қолданғандары да даланың оп-оңай отқа орануының бірден-бір себебі болуда. Аудан аумағын өрттен қорғау үшін бірқатар тиімді шаралар жүзеге асырылуда. Ауылдық округ әкімдіктерімен, орман қорғау мекемесімен бірге табиғат аясындағы өртті анықтау мен ауыздықтауға арналған жұмыстар үйлестірілуде. Мақсат – табиғат аясында шыққан өртті анықтап, оны сөндіруге күштерді жедел жұмылдыру. Бұл шараның нәтижесінде дала алқабын, таулы өңірді шарпыған өртті шағын көлемдерінде ауыздықтауға және оттан келетін зиянның көлемін барынша кемітуге септігін тигізуде.
Аудан тұрғындары төменде көрсетілген ережелерді сақтауы тиіс:
– шабындық, егістік, орман алқаптарында қураған шөптерді, қоқыстарды өртеуге және бақылаусыз қалдырмауға жол бермеуді;
– ауа-райы құрғақ, ыстық және қатты жел кезінде от жақпауды;
–демалыс орнынан кетерде отқа су құйып, құм немесе топырақ сеуіп кетуді;
– жанып жатқан қалдықтар мен сіріңкені лақтырмауды;
– егер өрт аумағында болсаңыз, өзіңіздің күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса, оның таралу бағытын және шығу бағдарын анықтап, құтқару қызметіне 101, 112 нөмірі арқылы хабарлауды ескерген жөн.
Құрметті аудан тұрғындары! баршаларыңызды табиғат аясында отқа сақ болуга шақырамыз. Өрттің барлығының абайсыздық танытқандықтан, елеп-ескерілмегендіктен шығатындығын ұмытпайық. Туған жерді өрттен қорғау, аялап, қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы екендігі есімізде болғаны жөн.

Аудандық Төтенше жағдайлар және №10
өрт сөндіру бөлімі.

Поделиться ссылкой: