Бюджеттік кірістердің орындалу барысы қаралды

318 Views

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов­тің төрағалығымен өткен кеңесте кіріс­терді қалып­тастыру мәселесі қаралды.
Жиында 2022-2023 жылдарға арналған жергілікті бюджет кірістерін ұлғайту, қосымша резерв­терді қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жоспарының орын­далу барысы талқыланды.
Алғашқы болып сөз алған ҚР Қаржы министр­лігі мемлекеттік кірістер комитетінің облыс бо­йынша мемлекеттік кірістер департаменті басшы­сының міндетін атқарушы Уалихан Әлібеков ағымдағы жылдың І жартыжылдығы бойынша бюджеттің кірістері туралы баяндады. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың алты айының қоры­тындысына сәйкес рейтингтік көрсеткіштерді (10 индикатор) жүргізу кезінде Жамбыл облысы Республикадағы өңірлер арасында жалпы 77,44 баллмен екінші орынға тұрақтаған.
Сондай-ақ, мемлекеттік бюджет жоспарының орын­далуы 117,6 пайызды, республикалық бюджет 102,6 пайызды, ал жергілікті бюджет жос­парының орындалуы 126,6 пайызды құрап, барлығында артық түсімге қол жеткізілген.Уалихан Әлібеков аталған іс-қимыл жөнін­дегі іс-шаралар жоспарында қаралған 52 тармақ­шасының алтауы бойынша көзделген іс-шаралар орындалмай отырғандығын айтып, оларға жан-жақты тоқталды.
Басқосуда қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Батырхан Әкектің ауылдық округ әкімдері бюджеттерінің кірістер бойынша 2022 жылдың қаңтар-шілде айларындағы орындалуы туралы есебі де тыңдалды.
Облыс әкімі төмен көрсеткіштер бойынша тиісті тұлғалардан жауаптар алып, нақты тапсырмалар жүктеді.
– Бекітілген іс-шаралар жоспарына немқұрайлылық танытуға болмайды. Алдағы тоғыз айдың қорытындысымен бұл мәселені тағы да жан-жақты қарастырамыз. Барлық жоспар толығымен орындалуы тиіс. Тиісті мерзімде ақпаратты ұсынып отыру маңызды. Салық базасын ұлғайту бойынша жұмыстар жалғасуы керек, – деп түйіндеді Нұржан Нұржігітов.

Жамбыл облысы әкімінің
баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: