Еңбегімен танылған азамат
73 ViewsСовет Одағы кезінде елімізге әйгілі, өсіп-өркендеген іргелі, озат шаруашылықтың бірі де, бірегейі де «Луговой жылқы заводы» болғаны баршамызға мәлім. Әр жылдары совхозда еңбек еткен…
Апта басында аудан әкімі Ернар Есіркепов аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауда аудан тұрғындары Құлан және Луговой елді мекендерінің арасында қоғамдық көлік қатынауы, Панфилов көшесіндегі трансформаторды қоршау, тұрғын үй маңына дренаж қазу, тұрақты жұмысқа орналасу, мектеп оқушысын қажетті құрал-жабдықпен қамту және тұрғын үй мәселелері туралы сауалдармен қайырылды. Жеке қабылдау қорытындысы бойынша аудан басшысы Ернар Серікәліұлы азаматтар көтерген мәселелерді жергілікті жерге шығу арқылы зерттеп, зерделеп көрді. Қабылдауларда көтерілген мәселелер іс-шара жоспарына еніп, өтініштердің барлығы алдағы уақытта заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын болады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.