Шаруа қожалықтарының жұмыстарымен танысты

361 Views

Аудан әкімі Ернар Есіркепов ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар нысандардың жұмысын көрді. Ең алдымен «Жасұлан» және «Құлмахан» шаруа қожалықтарындағы пияз жинау науқанын көрді. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Алқаптан сөреге дейін» жобасы аясында шаруа қожалықтары мен дүкен арасында тікелей форвордтық келісімшарт негізінде аудан дүкендеріне өткізетін пияз дақылының сапасына зер салды.

Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы ауданымызда алғашқылардың бірі болып тамшылатып суару жүйесін пайдаланып отырған «Жамбыл – БТТ» шаруа қожалығына барып, 120 гектар алқапқа егілген пияз алқабының басшысымен пікір алмасты. Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Көгершін ауылындағы «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-нің 6000 тонналық көкөніс сақтау қоймасының бүгінгі таңдағы жай-күйімен танысып, мүмкіндігін қарады. Қойма басшысына аудандағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында бірнеше ұсыныстар білдірді.
Облыс әкімінің бастамасына сәйкес, жасанды су айдынында қолдан балық өсіру шаруашылығы біздің ауданымызда да қолға алынып, дамып келеді. Аудан әкімі «Шөңгер» тау бөктерінде орналасқан «Nomad» шаруашылық қожалығының форель балығын өсіру жұмысымен де танысты. Аталған шаруа қожалық басшысы 60 000 шабақ жіберіп, игілікті ісін бастаған. Сонымен қатар, Құмарық ауылындағы Шал-Су каналының бас тоғаны, Көгершін ауылындағы Көгершін каналының бас тоспасы, Құлан ауылындағы Шөңгер каналдарының жағдайын көріп, су өткізу мүмкіндігін қарады. Жұмыс сапары соңында жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді.
Аудан әкімінің
баспасөз қызметі.

 

 

 

Поделиться ссылкой: