Азық-түлік өнімдері төмен бағада саудаланды
Өткен сенбіде орталық алаңда аудандық деңгейде жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде халықтың қарасы көп болды. Енді базар бағамынан әлдеқайда төмен бағада сатылып жатқан азық-түлікті кім алғысы келмейді дейсіз? Әрине, келеді, сатып алады. Өйткені, оның бәрі күнделікті тұрмысқа қажетті заттар.
Ресми ақпарға сүйенсек, жәрмеңкеге 1500 келі жылқы еті, 2000 келі сиыр еті, 1250 келі қой еті, 500 келі шұжық өнімдері, 500 литр сүт өнімдері, 800 литр қымыз және шұбат, 500 келі бал, 3800 келі көкөніс өнімдері, 3000 келі бақша өнімдері, 150 келі жылыжай өнімдері, 2000 келі картоп, 1000 келі пияз, 500 келі қызанақ, 500 келі қияр, 500 келі қауын, 500 келі қарбыз, 200 келі құлпынай, 200 келі таңқурай, 30000 келі жем, 15 000 келі шөп және де макарон, ұн өнімдері жеткізіліп, нарықтағы бағамнан төмен баға да саудаланыпты.
«Құлан таңы» ақпарат.