Аудан тұрғындарының назарына!

245 Views

2022 жылдың 22-31 тамыз және негізгі кезеңі 2022 жылдың 1-12 қыркүйек аралығында аудан аумағында «Абайлаңыз, балалар!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Жедел-профилактикалық іс-шарасының дайындық кезеңі шеңберінде 2022 жылдың 22-31 тамыз аралығында Тұрар Рысқұлов АПБ-нің қызметкерлерімен және коммуналдық қызметтердің өкілдерімен бірлесіп, жалпы білім беретін, мектепке дейінгі мекемелер, қосымша білім беретін балалар ұйымдары және оларға жақын орналасқан аумақтардың көше-жол желісінің және жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарының пайдалану жай-күйіне тексеру жүргізу, олардың нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға жаяу жүргінші-балалардың жүріп-тұруы үшін қауіпсіз жол жағдайларын жасау жөнінде ұсыныстарды, сондай-ақ, көше-жол желісін ұстауда анықталған құқық бұзушылықтар бойынша ұйғарымдарды дайындау жүргізіледі.
Жергілікті атқарушы органдармен, білім беру және денсаулық сақтау органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалармен бірлесіп, мектеп және мектепке дейінгі жалпы білім беру мекемелерінде 2022-2023 оқу жылына БЖКЖ алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді.
– жол жүрісі қауіпсіздігі тақырыбында профилактикалық іс-шаралар (сабақтар, дәрістер, викториналар, сайыстар, флешмобтар), оның ішінде балалардың қатысуымен жалпы мектептік ата-аналар жиналысында өткізіледі.
– білім беру мекемелері басшыларының, жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен БЖКЖ алдын алу мәселелері бойынша семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыруды және өткізуді, педагогика қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарында, жалпы білім беретін мектептерде, мектепке дейінгі мекемелер және қосымша білім беру мекемелерінде оқушылардың ЖЖҚ зерделеуі мәселелері бойынша сабақтар өткізуді қарастыру қажет.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 404 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін мектептердің 1-8 сыныптары үшін ЖЖҚ Үлгілік оқу бағдарламасының талаптарын орындау тұрғысынан білім беру органдарымен бірлесе отырып, ӘПБ қызметкерлері жалпы білім беретін мекемелерге тексеру жүргізуді ұйымдастырып, тексеру нәтижелері бойынша білім бөліміне анықталған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар мен ұйғарымдарды дайындау және жолдау жоспарланған
Тұрар Рысқұлов АПБ-нің бөлімше бастықтарымен барлық аға инспекторларымен жаңа оқу жылының басталуына арналған жалпы мектептік жиындарға, қауіпсіз жол жүрісі сабақтарына, «Бірінші сыныпқа барғандарды жаяу жүргіншілер қатарына қосу», «Біз жолдардағы қауіпсіздікті қолдаймыз!» және т.б. тақырыптық іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру керек. Қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін балалардың киімінде жарық қайтарғыш элементтерін (фликерлерді) орнату қажеттілігі мәселелеріне ата-аналардың назарын аудару мақсатында білім беру органдарымен, жас жол қозғалысы инспекторларының мектеп жасақтарымен бірлесіп, оқушыларға жарық қайтарғыш элементтерін (білезік, салпыншақ және т.б.) бере отырып, «Көз алдыңда – аман!» атты үгіт-насихат акциясын өткізуді ұйымдастыру болып табылады.
Аудандық полиция бөлімі.

Поделиться ссылкой: