Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
«Балалар жылына» орай жуырда Көгершін ауылдық кітапханасының кітапханашысы Мархабат Ділдебаеваның ұйымдастыруымен «Ақбота» бөбекжай бақшасында «Тыңда балам ертегі, ертегілер сыр шертеді» атты ертегілер еліне саяхат өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – бүлдіршіндердің ертегілер арқылы танымдық қабілетін дамыту, шығармашылық мүмкіндіктерін ашық көрсетуге дағдыландыру, ойлау жүйесінің белсенділігін арттыру.
Балақайлардың дағдыларын жетілдірудің төте жолы – кітаптар мен ертегілер. Осыған орай, іс-шарада «Аруна» баспасында жарық көрген классикалық ертегілер жиынтығы, «Ұсқынсыз үйрек балапаны», «Пысық құлан», «Жасырынбақ» ертегілеріндегі ғажайып бейнелердің баяндалуы балалардың қызығушылығына, ізденімпаздығына әсер еткені анық байқалды.
Жалпы, ертегілер мен әңгімелердің мағыналы, жүйелі берілуі балақайлардың таным көкжиегін кеңейтуге дұрыс бағыт беруші факторлардың бірі. Бала өз санасында қиялға ерік берудің алғашқы баспалдағы да осы ертегі жанрының үлесі деп таныған іс-шараның қорытындысы әдеби белгілерді ертегінің төңірегінде үйретудің маңызы зор екенін көрсетті.
Балжан Жеңіс.