Жақсылық жаса, сыйла адамды тік тұрып!

335 Views

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы еліміздің түкпір-түкпірінде өткізіліп жатқаны белгілі. Акцияның мақсаты – белгілі санаттағы оқушыларға жәрдемдесу, яғни көп балалы, ата-анасының қорғауынсыз қалған оқушыларға оқу жылының қарсаңында көмек көрсету.
Жалпақсаз бастауыш мектебінде де мектеп әкімшілігі жоспар бойын­ша шара ұйымдастырды. Мектеп әкімшілігінен бастау алған аталмыш шара демеушілерден қолдау тауып, оқушыларға қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формалары таратылды.
Жалпақсаз бастауыш мектебінің әкімшілігі демеушілерге көрсеткен қолдаулары үшін алғыс білдіріп, оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Р.Мамбеталиева,
Жалпақсаз бастауыш мектебінің әлеуметтік педагогы.

Поделиться ссылкой: