Ағаш көшеттері отырғызылды
51 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Келісімшарт бойынша әскери қызмет – бұл мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ғана емес, кәсіби өсу келешегін беретін, әскери қызметкердің өзінің, оның отбасының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін абыройлы жұмыс.
Келісімшарт бойынша әскери қызметтің басымдығы:
– Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету. Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
– Тегін медициналық қызмет көрсету. Әскери қызметшілерді әскери-медициналық мекемелерде медициналық қамтамасыз ету мемлекет есебінен жүзеге асырылады. Емделуге жұмсалған қаражатты әскери қызметшілерге, олар құрылымында әскери қызмет өткеретін уәкілетті орган тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шегінде өтейді.
– Тұрақтылық пен келешекке сенімділік;
– Отбасын қорғау және әлеуметтік қолдау;
– Еңбек өтілі бойынша зейнетке шығу;
– Тұрақты еңбекақы;
– Киім-кешекпен қамтамасыз етілу және қолданыстағы заң аясында өзге де әлеуметтік кепілдіктер.
Төменде көрсетілген әскери бөлімдерде әскери қызмет өткеретін қатардағы және сержанттық құрамдағы әскери қызметшілердің тарифтік разрядтары көтерілгені туралы және осы әскери бөлімдерге келісімшарт бойынша бос лауазымдарға әскери қызметке қабылдау жұмысы жүргізілуде.
Талдықорған қаласы 18404 әскери бөліміне;
Алматы қ. (ДШӘ) 12881 ә/б,
Қапшағай қ (ДШӘ) 26363 ә/б;
Гвардейск кенті 82796 ә/б;
Талдықорған қ. 48386 ә/б;
Жамбыл облысы бойынша Әскери полиция бөлімдеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке ниет білдірген азаматтар Т.Рысқұлов ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен толық ақпарат алуға болады.
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім.
Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі №126.
Тел: 2-14-81, 2-12-45.