Тәрбиенің өзегі – балабақшадан басталады
14 Views«Театр – киімілгіштен басталады» деген сөз бар. Сол секілді бала тәрбиелеу ісінің алғышарты да балабақшадан басталатыны сөзсіз. Осы ұғымды мақсат еткен аудандық аналар кеңесі…
«Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы Құлан мектеп-гимназиясында да ұйымдастырылды.
Аталған акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтып, сабаққа баруын қамтамасыз ету. Осы мақсатпен қайырымдылық акцияларына демеушілерді ынталандыру жұмыстары жүргізілді.
Осындай қоғамдық мәні зор шараға «Аманат» партиясының мүшесі Ш.Б.Шонатаева, Құлан мектеп-гимназиясының ұжымы, аудандық қаржы бөлімінің басшысы Т.Жапарқұлов, аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Л.Сапарбекова, ішкі саясат бөлімі басшысының м.а Н.Алтауева, жеке кәсіпкер Н.Садыкбекова, жеке кәсіпкер А.Сайлаубекова, жеке кәсіпкер А.Раймкулова, Б.Асилов үлкен үлес қосып, балаларға сөмкелер, оқу құрал-жабдықтарын, киім-кешектер және де аяқ-киімдер табыс етті.
Гүлжамал Асилова,
Гүлзат Туребекова,
Құлан мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогтары.