Аудан тұрғындарының назарына!

316 Views

2022 жылдың тамыз айының 23-і мен 25-і күндері аралығында аудан аумағында «Борышкер – 2022» атты кешенді жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілгенін хабарлаймыз.
Іс-шараның негізгі мақсаты полиция бөлімімен салынған әкім­шілік айыппұлдарды өндіріп, облыс­тық қазынаға түсуін арттыру. Осы ба­ғытта аудан тұрғындарына салынған айыппұлдарды уақтылы төлеу қажеттілігін және осыған байланысты заңдылықты түсіндіру.
ҚР ӘҚБтК-нің 810-бабы. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негіздері туралы.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабы бойынша айыппұлдардың 50 пайыз сомасы ғана салынады. Егер де, салынған айыппұл 7 тәулік ішінде төленбесе, айыппұлдың 100 пайыз сомасы салынады. Сондықтан азаматтар салынған айыппұлды 7 тәуліктен кешіктірмей төлесе, өздері үшін жеңіл болады.
ҚР ӘҚБтК-нің 893-бабы. Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркімен орындау.
Әкімшілік жауапқа тартылған азамат айыппұлды қаулының заңды күшіне енген күнінен бастап отыз күннен кешіктірмей төлеуге тиіс.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды жеке немесе заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны шығарған, айып­пұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама бер­ген судьяға немесе органға (лауазымды адамға) жазбаша нысанда кейіннен хабарлай отырып, белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджетке енгізеді немесе аударады.
894-бап. Жеке адамға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату: Айыппұлды өндіріп алу туралы қаулыны сот, уәкілетті орган жауапқа тартылған адамның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айып­пұл сомасын мәжбүрлеу тәртібімен ұстау үшін, оның жұмыс істейтін не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұжымының әкімшілігіне жібереді. Айыппұл алты айдан аспайтын мерзімде ұсталады. Айыппұлды өндіріп алу кезегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
ҚР ӘҚБтК 896-бабы. Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындауға жіберу туралы.
Айыппұл салынған қаулы ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларға он тәулік ішінде жіберіледі.
Егер айыппұл салынған жеке адам жұмыс істемесе немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндіріп алу мүмкін болмаса, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл салу туралы нұсқаманы оны шығарған сот немесе уәкілетті орган заңдарда көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін мемлекеттік сот орындаушысына жібереді.

Аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция
бөлімшесі.

Поделиться ссылкой: