Бұл шеберлік сабағы өзгелерден ерек болды
7 ViewsАудандық ардагерлер Кеңесінің жанынан құрылған аналар кеңесі көптеген бастамаларға себепші болып жүргенін біз ұдайы айтып келеміз. Газетімізде де аудандық аналар кеңесінің қолдауымен бала тәрбиелеу…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті халыққа Жолдауын мұқият тыңдадым. Соңынан газет бетінде жарияланған нұсқасын тағы да бір қайталап маңызды мәселелерді астын сызып оқып шықтым.
Ел Президенті Жолдауда алдағы уақытта жүзеге асуы тиіс реформалардың 5 бағдарын ұсынды. Жаңа экономикалық саясат, оның ішінде жеке кәсіпкерлікті қолдау, бәсекелестікті дамыту, салық мәселелері, жер қойнауын игеру ісіне инвестиция тарту, сондай-ақ, әлеуметтік саясатты жетілдіру, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту мен заңның үстемдігін қамтамасыз ете отырып, тәртіп орнату мәселелері Жолдауда айқын көрініс тапқан. Мені білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөлінгендігі қуантты.
Заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезовтың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлағатты сөзін келтіре отырып, білім саласындағы түйткілді мәселелерді алдағы уақытта шешу жолдарын көрсетті. «Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Оған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек» деген сөзі әрине барша балабақшаларда жұмыс істеп жүрген қызметкерлерді бір серпілтіп тастағаны сөзсіз.
Ұлт сапасын жақсарту ісінде білім саласының орны айрықша екендігін еске салған Мемлекет басшысы «Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауымыз керек» – деп атап көрсетті. Осы мақсатта «Жайлы мектеп» ұлт жобасы қолға алынғандығы осы салаға тың серпін береді деп ойлаймыз. Тұрмысы төмен отбасы балаларына мектеп формасын бюджет есебінен алып беру туралы ойы да көңілімізден шықты.
Жолдауда айтылған білім саласындағы жоспарланған реформалар да жоғары оқу орындарының білім саласының артуына тікелей септігін тигізетіндігіне тоқталып өтті. Студенттерді жатақханамен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап көрсеткен Президентіміздің бұл шешімі әрбір ата-ана үшін қуантарлық жайт.
Осының бәрі өзі айтқандай, балалардың білім алуына салынатын инвестиция деп есептеуіміз қажет.
Ербол ӘБУТӘЛІПОВ,
аудандық мәслихат
хатшысы.