Зейнет жасы қысқарады

346 Views

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ел қатарлы мен де мұқият тыңдадым. Шыны керек, өзекті мәселелердің шешімі айтылған Жолдауда зейнет жасына қатысты айтылған тұстар маған қатты ұнады. Президент өз сөзінде:
– Біз зейнетақы жүйесін де қайта жаңғыртамыз. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал жоғарғы шегін 120 пайызға жеткізу қажет. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл қадам 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы мөлшерін орташа алғанда 27 пайызға көбейтеді. Сондай-ақ, әлеуметтің талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдырамыз, – деп көптің көкейінде жүрген мәселенің шешу жолын айқындап берді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажеттігін, бұл жұмысқа іскерлік абырой-беделі мен кәсіби біліктілігі жоғары мамандары бар жеке компанияларды тартуға болатынын жеткізді.

Айнұр Айсұлтанова,
аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.

Поделиться ссылкой: