Жамбылдықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 41,3 млрд теңгеден астам қаржы аударды

439 Views

2022 жылдың шілде айында облыс бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін 1,6 млрд теңге аударым мен жарна аударылған.
«2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2022 жылдың 31 шілдесіне дейін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Жамбыл облысының тұрғындары 41,3 млрд.теңге аударды, оның ішінде 25,6 млрд. теңге (62%) – жұмыс берушілердің аударымдары 15,7 млрд. теңге (38%) — жеке кәсіпкерлер мен азаматтық – құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдардың жарналарына тиесілі», — деп хабарлады » ӘМСҚ » КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ляззат Алимова.
Аудандар бөлінісінде ең көп аударым Тараз қаласынан, Қордай және Шу аудандарынан түсіп жатыр.
МӘМС үшін түскен барлық қаражат сенімгерлік басқару шарты жасалған Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге бағытталатын болады.

«Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры» КЕАҚ
Жамбыл облысы бойынша филиалы.

Поделиться ссылкой: