Жақсылық жасау – жан азығы

365 Views

Адамгершіліктің ең игі белгісі – қайырымдылық жасау. «Жақсылық жасау – жан азығы» демекші, жақсылық жасау арқылы адамдар жүрегіне имандылық, мейірімділік ұялатады.
2022 жылдың 1 тамызынан 30 тамызына дейінгі уақыт аралығы «Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы5 тамызындағы №24-02-1026 хатын негізге ала отырып, жаңа оқу жылына дайындық аясында белгілі санаттағы оқушыларға, атап айтқанда, көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларға мектеп әкімшілігі тарапынан қолдау көрсету мақсатында №1 мектеп-лицейінде «Шекарасыз жақсылық!» ұранымен «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілді. Акция аясында оқу жасындағы барлық балаларды оқумен қамтамасыз ету, олардың оқу мен тәрбиесіне жағдай жасау, аз қамтылған отбасыларына көмек көрсету негізінде оқушылар туралы мәліметтер қорын жинақтау жұмысы жүргізілді. «Жалпыға бірдей білім беру мен қамту» қоры есебінен көмек берілу үшін 128 оқушы тізіммен бекітілді.
Мектеп әкімшілігі акцияға атсалысқан әрбір азаматқа алғыс білдіре отырып, оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

С.АБДИЕВА
№1 мектеп-лицейінің әлеуметтік педагогы.

Поделиться ссылкой: