Жеңіс туы желбіресін!
95 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма берген еді. Бұл дегеніміз – биылғы жыл халқымыздың үштен бірін құрайтын өскелең ұрпақты қолдауға ерекше көңіл бөлінеді деген сөз.
Осы орайда аудандық орталық кітапхананың бастамасымен бастау алған балалар жылына арналған іс-шаралар эстафетасын жалғастыру мақсатында Көгершін ауылдық кітапханасының меңгерушісі М. Ділдебаеваның ұйымдастыруымен ауылдың орталығында «Әлем балалармен әдемі» атты библио-пикник өтті. Аталған мерекелік іс-шарада ауыл әкімі қонақтарды мерекелік іс-шарамен құттықтап, сөз сөйледі. Іс-шара «Ақбота» бөбекжай-бақшасының кішкентай бүлдіршіндерінің керемет биімен жалғасын тауып, одан әрі жұмбақтар шешіп, қызықты ойындар ойнатылды. Іс-шара соңында Көгершін ауылдық кітапханасының меңгерушісі М. Ділдебаева ұлттық құндылықтарды жаңғырту, дәріптеу, ел руханиятын қөтерген тұлғалардың тағылымды шығармашылығымен таныстыру және балаларға арналған әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Кітап – сарқылмас байлық» атты кітап көрмесімен таныстырды. Кеш соңында аудандық кітапхананың басшылары іс-шараға белсене қатысқан, қолдау көрсеткен «Ақбота» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері мен педагогтары А.Құдайбергенованы, К.Досжанованы, Қ.Икибаеваны және өнер мектебінің мұғалімдері Қ.Төреқұлованы, Р.Елеубаеваны алғыс хаттармен марапаттады.
Адам баласының ең жақыны да, ең жақсы көретіні де – бала. Тіпті өмірдің сәні мен мәні де осы балада. Сондықтан балаларға бір жылды ғана арнау емес, әрбір ата-ананың күн тәртібінде мәңгілік тұруы шарт. Қоғамның жас ұрпаққа деген көзқарасы «Балам дейтін жұрттың» деңгейіне көтерілуі тиіс. Мұның негізі осы балалар жылында қаланып, тәрбиелік мәні зор осындай игі іс-шаралар ары қарай жалғасын табады деп ойлаймын.
Қ.Икибаева,
«Ақбота» бөбекжай-бақшасының
музыка жетекшісі.