Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыстары бақылауда

305 Views

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес әр­кім­нің тынығуға құқығы бар. Еңбек шарты бойын­ша «Жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі» делінген.
Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасы­ның мемлекеттік қыз­меті туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабының 4-тармағында шұғыл, күнi бұрын болжанбаған жұмыс­тар­ды орындау үшiн мемлекет­тік қызметшілер Қазақстан Республикасының еңбек заңна­масына сәйкес жұмыс уақытынан тыс істелетін жұмысқа, демалыс және мереке күндерiндегі жұмысқа тартылуы мүмкiн деп белгіленген.
Бұл ретте, көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе жұмысына мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтемақы төленеді.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 108-бабының талабы бойынша жұмыскерге үстеме жұмыс жасағаны үшін ақы төленеді немесе тынығу сағаттары беріледі. Бұл ретте, үстеме жұмыстарға тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкім­шілі­гінің және Қазақстан Республи­касының Мемлекет­­тік қызмет істері агент­тігі­нің тапсырма­ларына сәйкес Агент­тіктің аумақ­тық департаменттеріне мемлекет­тік қызметшілердің үстеме жұмыс жасау уақытын азай­ту бағытында тиіс­ті жұмыстарды жүргізу жүктел­ген болатын.
Өз кезегінде, Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментіне жергілік­­­ті жердегі мемлекет­тік орган­дардың аталған тапсыр­маны орын­дау бойынша жұмыс­тарын үйлестіру тап­сырылған.
Осы­ған орай, мемлекет­­тік орган­дармен бірлесе отырып Департа­ментпен облыстағы мемлекеттік қызмет­шілердің үстеме жұмыс жасауын азайту бағыты бойынша 2022 жылы бірқатар жұмыстар атқарылды.
2022 жылы облыстың 446 мемлекет­тік органының 210-ы, яғни 47% жұмыс орнына кіру және шығу уақытын есепке алатын «Қолжетімділікті бақылау және бас­қару жүйелерімен» қамтылған.
Олардың 155-і жергілікті атқарушы органдарда болса, 42-і сот органдары мен орталық атқарушы органдардың аумақтық департаменттерінде, 13-і облыстардағы мәслихаттар мен тексеру комиссиясында.
Бұдан бөлек, бүгінгі таңда 40 мемлекет­­тік органда Е-Қызмет» ақпарат­­­тық жүйесімен интеграциялау жұмыс­тары аяқталып, іске қосылды. Олар­дың 36-сы жергілікті атқарушы орган­дарда болса, 4-еуі орталық атқарушы органдардың аумақтық департаменттерінде.
Атал­ған жүйе ID карталар арқы­лы қызметшілердің жұмыс орнына кіру және шығу уақытын тіркеп, мәлімет­терді автоматты түр­де «Е-қызмет» ақ­парат­тық жүйесіне жүктеп отыра­ды.
Осылай­ша, Департа­­мент­­пен көрсетіл­ген мемлекеттік ор­ган­дар­­дың қыз­мет­шілері­нің жұмыс орнына кіріп-шығу уақытын «Е-Қызмет» ақпарат­тық жүйесі арқылы қашық­тықтан бақылау­дың мүмкіндігі пайда болды.
Айтыл­ғандар­дан бөлек, жекеле­ген мемлекет­тік органдарда үстеме жұмыс жасау деректері орын алған.
Атап айтқанда, Департаментпен үс­теме жұмыс мәселелері бойын­ша лауазым­ды тұлғаларға 9 ұсыныс хат жол­дан­ып, олардың қарау нәтижелері бойын­ша 2 мемлекеттік қыз­мет­шіге қосымша демалыс уақыттары берілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет­шілерді негізсіз үстеме жұмыстарға тар­ту мәселесіне жүргізілген талдау нәти­же­лері Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңеспен 3 рет қаралып, нәтижесінде 18 қызметшіге демалыс уақыттары берілді.
Бұдан бөлек, а.ж. өткен кезеңінде Департаментпен Жамбыл облысы әкім­дігі­нің еңбек инспекциясы бас­қармасына «Е-Қызмет» ақпараттық жүйесін талдау нәтижесінде анықталған мем­лекеттік қызметшілердің үс­теме жұмыс жасауының заңдылығына тексеру жүргізу туралы 2 хат жолданды.
Нәтижесінде, Еңбек инспекциясымен 16 мемлекеттік органда жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, Департаментке тиісті жауаптар берілді.
Бүгін­гі таңда, облыста 21 мем­лекеттік қызметшіге икемді жұмыс кес­тесі белгіленген, олардың 15-і жер­гілікті атқарушы органдарының қыз­метшілері болса, 6-уын орталық атқару­шы органдардың аумақ­тық департа­менттерінің қызмет­шілері құрайды.
Бұл өз кезегінде, отбасы, денсаулық немесе басқа да қиын жағдайларға тап болған мемлекеттік қызметшілердің икемді жұмыс кестесін пайдалануға мүмкіндік береді.
Аталған жұмыс режимін еңбек заңнамасы шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің қажеттіліктерін ескере отырып, кеңінен енгізу орынды деп саналады.
Қорытындылай келгенде, жоғарыда аталған мемлекеттік қызметшілердің конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесі өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ, ол барлық мемлекеттік органдардың назарында болуы керек деп есептейміз.

Ш.Сұлтанхан,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша
департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы.

Поделиться ссылкой: