231 Views
Біздің мемлекетіміз басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2019 жылдың мамыр айында өткізілген кеңейтілген жиналыс барысында қарамағындағы қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін бірінші басшылардың жауапкершілікке тартылу мәселесін ерекше атап өткені баршамызға мәлім. Сондықтан осы кеңейтілген мәжілісте көтерілген өзекті мәселені түпкілікті шешу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуі тиіс.
Жасыратын несі бар, кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне өз септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. Бұл дертпен бүкіл ел болып, қарсы күресуіміз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымз анық.
Айдар Утебаев,
ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Т.Рысқұлов аудандық аумақтық инспекция басшысы.
Поделиться ссылкой: