ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

302 Views

Күні кеше Т.Рысқұлов ауданына «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» жобасы аясында құрылған жұмыс тобы келіп, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен осыдан екі жыл бұрын бастау алған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы бүгінде өз жалғасын табуда. Жамбыл облысы әкімінің жуырдағы өкімімен бекітілген арнайы жұмыс тобы тиісті сала мамандарынан жасақталып, жаңа құрам құрылған. Топ құрамында ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау, тұрғын үй қатынастарын реттеу сынды ірі салалардың өкілдері бар.
Аталмыш топ мүшелері жергілікті халықпен кездесуде этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарымен таныстырып, бейбітшілік пен келісімді нығайту жөніндегі жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.
Аты аталған топ екі күн бойы өңіріміздің тұрғындарымен, түрлі ұжым мүшелерімен кездесіп, азаматтарды қабылдау барысында шағымдарына құлақ түріп, түрлі сұрақтар бойынша кеңес берді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: