Хабарландыру
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Әділдік жолы» РҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалы және Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімі Қазақстан Республикасының 2015 — 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасылық қатынастарды қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Парасатты отбасы» байқауы 2022 жылдың 13 қазан күні М.Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде өтетіндігін хабарлайды.
Байқауға қатысу шарттары:
– Байқауға ауданның әртүрлі қызмет саласында жұмыс атқаратын отбасылар қатыса алады;
– байқауға қатысушы отбасылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен азаматтық ұстанымдарына назар аударылады;
– аудандық байқауға абыройлы, парасатты және қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан, креативті, жаңашыл, қайырымды әрекетімен көзге түскен отбасылар қатыса алады;
– балалары қоғамдық іс-шараларға белсене қатысатын, парасатты, отбасы құндылықтарын қадірлейтін, спорт немесе өнермен шұғылданатын, ата-ана тәрбиесін қоғамдық өмірде көрсете алатын, көптеген әдеби-публицистикалық әдебиеттер оқыған болуы керек.
Байқауды өткізу тәртібі
І бөлім. «Менің отбасым» таныстыру бөлімі (отбасы мүшелерінің шығармашылық қабілетін пайдаланып, ауызша, өлең түрінде немесе ұлттық аспаптармен сүйемелденген 5 минуттық өздерін, отбасының ерекшеліктерін таныстыру);
ІІ бөлім. Өнер сайысы 5 минут (әр отбасы өз өнерлерін көрсетеді (ән, би, күй т/б). Шарт: отбасы мүшелері толық қатысуы қажет.
Ақпараттар үшін байланыс телефоны: 2-14-10.
Базарқұлова Анар Иманбайқызы.
8 702 246 1787.