Ғалым да, Шахтер де бас иетін…

534 Views

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деген өлең жолдарын баршамыз білеміз. Осы сөздерден-ақ, әр мамандықтың қоғамда өзіндік орны бар екенін анық аңғаруға болады. Бірақ сол бір мамандықтардың көш басында ұстаздық қызметтің тұрғанын адамзат баласы ежелден-ақ түсінген. Яғни, байырғы және бүгінгі қоғам да ұстаздың дәл қазір берген тәлімі мемлекеттің ертеңгі болмысы екенін жақсы біледі. Сондықтан да аса қадірлі мамандық иелеріне деген құрмет күн санап артып келеді десек, артық айтқандығымыз емес.
Елімізде қазан айының соңғы жексенбісі – Ұстаздар күні. Аталмыш мерекеге ерекше құрмет көрсету үшін демалыс күні аудан басшысы Ернар Есіркепов бірнеше ардагер ұстаздардың үйін арнайы аралап, сый-құрмет көрсетті. Солардың бірі – Мария Райымқұлова. Білім саласының ардагері ұзақ жылдар бойы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған. Бүгінде ардагер ұстаз сол бейнеттің зейнетін көріп отыр.
Мәртебелі мамандық иесі өзін жеке құттықтап келген жандарға ерекше ықыласын да жеткізді. Ізінен ақ батасын беріп, алғысын айтты.
Айта кетейік, дәл осындай форматтағы іс-шара он бес ауылдық округте де өтті. Ауыл әкімдері де ардагер ұстаздарды құттықтап, батасын алды.

Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой: