2022 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында  кандидат Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін  анықтау бойынша Лингвистикалық комиссияның отырысы өтті.

303 Views

2022 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында кандидат Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша Лингвистикалық комиссияның отырысы өтті. Лингвистикалық емтихан үш кезеңде өткізілді: жазба жұмысын орындау, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармасынан үзінді оқу және кандидат таңдаған тақырып бойынша көпшілік алдында сөз сөйлеу. Емтихан аяқталған соң, комиссия алқалы талқылау өткізіп, қорытындылады. Отырыстың қорытындысын Лингвистикалық комиссияның төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Құрманжанұлы Ахметов баяндады. Кандидат «Біртұтас Алаш идеясы» тақырыбына жазба жұмысын орындады. Жұмыс мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Екінші тапсырма бойынша Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романынан ауызша үзінді оқыды. Үшінші тапсырма бойынша «Бабалар аманаты» тақырыбына он бес минут көлемінде ойын ауызша баяндады. Емтихан қорытындысы бойынша Лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы ашық дауыспен шешім қабылдады.

Поделиться ссылкой: