Ортсайлаукомға Бақыт Маратұлы Жанабаевтың Қазақстан Республикасының  Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттары келіп түсті.

207 Views

2022 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Бақыт Маратұлы Жанабаевтың «Қазақстандық Футбол Әуескерлері Лигасы» қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды: 1. «Қазақстандық Футбол Әуескерлері Лигасы» қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсыну туралы хаттамасынан үзінді; 2. Б.М. Жанабаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші; 3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат; 4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау

комиссиясы  https://t.me/electionelection.

Поделиться ссылкой: