Аялы алақан, мейірімді жүрек
Адамның байлығы да, бақыты да денсаулық! Адам баласы үшін денсаулықтан бағалы нәрсе жоқ екені айтпаса да түсінікті. Әртүрлі жағдайда мүгедек болып қалғандар қаншама? Осындай мүгедектігі бар жандарды көргенде, өмір сүріп жатқан әлемге өкпелеуге құқығымыз жоқ екенін түсінесің. Мұндай балалардың тағдыры мен құқығын қорғау қоғамның міндеті. Аялы алақанымен әлпештеп өсірген баласы ауырып не басқа бір қатер төнгенде «баламның табанына кірген тікен, менің маңдайыма кірсін!» деп тілейтін аналар аман болсын. Әрине, анаңның тілегі мейірімді жүрегінде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мүгедектігі бар адамдар мен отбасыларына ерекше көңіл бөліп, қолдау көрсету керектігін өз Жолдауында атап өткен болатын. Мүгедектігі бар адамдар үнемі күтімді қажет етеді.
Аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік мамандары 3 балаға күтім көрсетеміз. Қызмет алушыны қамқорлыққа алу үшін мүгедектіктің абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында үйде арнаулы қызмет көрсету іс-шарасы көрсетілген құжат болуы қажет. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметік қызмет көрсету, Қазақстан Республикасының Конституциясының «Мүгедектікті әлеуметтік қорғау туралы» заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. Заң аясында қызмет алушыға аптасына 2 рет әлеуметтік тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, мәдени, экономикалық, құқықтық қызметтерін көрсету барысында баланың ақыл ойына, денсаулық жағдайын ескере отырып, күнделікті өмірге, қоршаған ортаға бағыттаймыз. Сонымен қатар мереке күндері балаларға жұмыс жоспарына сәйкес, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, демеушілердің көмегімен сыйлықтар беріледі. Луговой ауылдық әкімдігі мүгедектігі бар, бірақ қамқорлықта жоқ отбасыларға үнемі қайырымдылық көмектер ұйымдастырып тұрады. Әр отбасының аялы алақандары мен тербеткен балаларының дені сау ұрпақ болсын дегім келеді. Ең бастысы, біз мүгедектігі бар адам да өмірден өз орнын табу керектігін ұмытпауымыз керек.
Г.Тлеумбетова,
Луговой ауылдық
округінің әлеуметтік қызметкері.