Статистика сөйлесін…

374 Views

Жыл өткен сайын ауданымыздың экономикалық даму көрсеткіші артып, келбеті де келісті кейіпке еніп келеді. Бірінші кезекте инвестиция және құрылыс саласынан бастасақ. Т.Рысқұлов ауданы бойынша ағымдағы 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі статистикалық деректер бойынша 10143 млн. теңгені, пайдалануға берілгелі отырған 80 пәтерлі тұрғын үй – 7357 шаршы метрді, құрылыс жұмыстарының көлемі – 5198 млн. теңгені құрады.  Өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, орташа есеппен алғанда ауданымызға салынған инвестиция көлемі 102,8 пайызға артып отыр. Ауданымызда бірнеше мектеп күрделі жөндеуден өтті. Бес қабатты 80 пәтерлі жаңа үй қолданысқа берілейін деп жатыр. Ауыл аймақтарда жекеше үйлердің құрылысы артып тұр.
Келесі кезекте бөлшек саудамен өнеркәсіп өндірісіне тоқталсақ. Қаңтар-тамыз айларында ауданда бөлшек сауданың көлемі 3 203 443 теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 1144959 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 2058484 мың теңгеге сатылды. Ал өнеркәсіп өндірісі бойынша 2022 жылғы қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 10809,6 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2021 жылғы сәйкес кезеңге 104,8%-ды құрады.
Ал енді ауылшаруашылығы саласына келсек, ауданымызда агросала өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары айналысады. Есепті жылдың 1 қыркүйегіне төрт түліктің барлық түрінің өнімдерін қоса есептегенде, 7689,1 тонна ет, 18976,1 тонна сүт, 2935,3 мың дана жұмыртқа өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 40295 басқа, қой 614309 басқа, ешкі 35058 басқа, жылқы 25581 басқа, түйе 107 басқа, үй құстары 125445 басқа жеткен.

Аудандық статистика басқармасы.

Поделиться ссылкой: