Ағаш көшеттері отырғызылды
52 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
10 қазан – Қазақстан кәсіподақтарының күні. Бүгінгі мақаламыздың тақырыбына қазақтың алдаспан ақыны Төлеген Айбергеновтің өлеңіндегі осы жолдарды арқау етіп алғанымыздың басты себебі де осы.
Аталмыш мерекеге орай аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті осы аптада Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Әлеуметтік әріптестік – әділеттілік, еңбек қоғамының қалыптасуының кепілі» деген тақырыпта дөңгелек үстел форматында іс-шара өткізді. Мерекелік шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов пен аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, сонымен қатар кәсіподақ саласындағы қызметке еңбегі сіңген ардагерлер мен білім беру мекемелерінің басшылары қатысты. Аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Айнұр Баймұратова кәсіподақ қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, сөз тізгінін аудан әкімі Ернар Серікәліұлына берді. Өз сөзінде аудан басшысы кәсіподақ комитетіне алғыс білдіріп, ұйымдастырылып отырған іс-шараның айрықша маңызға ие екеніне тоқталды. Сондай-ақ, аудан әкімі облыс бойынша кәсіподақ қызметкерлерінің атқарып отырған жұмыстарының нәтижесінде, былтырдың өзінде 5000-ға жуық қарапайым еңбеккерлердің еңбек құқықтары қорғалғаны жайлы, Еуропа елдерінің кәсіподақ қызметкерлеріне жасалатын жағдайдың жоғары екенін баса айтып, ауданда да осы жағдайға ерекше назар аударылуы қажеттігін сөз етті. Одан бөлек, аудан әкімі қарапайым жұмысшылардың әлеуетін көтеру мақсатында келер жылы «Ең үздік өндіріс жұмыскері», «Үздік тәлімгер», «Үздік жас маман» және т.б. номинацияларды енгізуді ұсынды.
Содан кейін өз ойын еркін жеткізген аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Айнұр Манатбекқызы:
– Шын мәнінде, кәсіподақтың жұмысы көрінбейтін еңбек. Оған осында отырған барлық азаматтар куә деп ойлаймын. Кәсіподақтың негізгі жұмысы ол – құқықтық бағыттағы жұмыс. Қазіргі таңда аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымында үш қызметкер жұмыс жасаймыз. Соның бірі – құқықтық еңбек инспекторы. Құқықтық еңбек инспекторы облыстық кәсіподақ ұйымына қарайды. Кез келген түйткілді мәселелер болған жағдайда, қандай да бір еңбек заңдылықтарындағы нормалардың бұзылу жағдайы орын алғанда немесе еңбек қатынастарын реттеуде мәселе туындағанда, мейлі ол қарапайым еңбек адамы бола ма, жоқ әлде, жұмыс беруші бола ма, біз қолдау жасап, тегін құқықтық қызмет көрсетеміз. Әлі де алда шешілмеген мәселелер бар. Солардың барлығына кезекпен, уақытымызды шектемей, сол азаматтарға көмек жасауда біздің кәсіподақтың жұмысы елеулі деп айтуға болады, – деп кәсіподақ ұйымының жұмысы тек бір бағытта жүрмейтінін, оған мықты әлеуметтік әріптестік керек екенін айтты.
Кәсіподақтың ұтымды жұмыстарының бірі – комитетке жастарды тарту. Жастарды жай тек кәсіподақтың жұмыстарымен таныстырып қана қоймай, оларды түрлі іс-шараларда белсенді болуға дағдыландыру. Аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің жүйелі жұмысынан біз осыны байқадық. Оған осы кәсіподақ жастарының атынан былтыр өткен «Кәсіподақ – қорғаным!» атты байқауда бас жүлдені иеленіп, облысқа жолдама алған жас маман Фараби Арыстанбектің өзі дәлел. Ол өзінің құттықтау сөзін қара өлеңмен жеткізді.
– Қарапайым адамның еңбегі еленген,
Сүрінгенді сүйеп қолдаумен демеген.
Бірлікке шақырып, тірлікке үндеу сап,
Күші мен бірлігі кең болған керегем.
Кәсіподақ қоғамның айнымас бөлігі,
Еңбек дауында көрсеткен көгілдір.
Жұмыс пен жұмысшы арасын жалғаған,
Алтын көпірі елімнің бүгінгі.
Ұйымның жұмысы мұнымен шектелмей,
Мәдени іс-шара тарихи беттердей.
Тәуелсіз елімнің даму жолында,
Жастар да қалыспай көп еңбек еткенде.
Нақты істермен шешетін мың жайды,
Биікке жетелеп талап пен сөзі.
Ұйымның тірлігі биіктен көрінсін,
Зор табыс тілеймін Айнұр Манатбекқызы – деп, өз құттықтауын осылайша өлең арқылы білдірді Құлан мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Фараби Арыстанбек.
Игілікті іс-шара соңында тиімді әлеуметтік әріптестікті қалыптастырып, табысты еңбек еткен білім саласының қызметкерлері аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың алғыс хатымен марапатталды.
Ғазиза Асқар.