Ағаш көшеттері отырғызылды
65 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында ашық сот мәжілісінде талап қоюшы «Экспрес Плюс» Коллекторлық агенттігі» ЖШС-нің жауапкер А.-ға шағын несие қарыз өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Сот отырысы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу келісіміне келген. Судья тараптарды тыңдап, аталған медиация келісімі заңға қайшы келмейтіндіктен және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбағандықтан оны бекіту жөн деген тұжырымға келген.
Сот жоғарыдағы азаматтық іс бойынша жауапкер А. талап қоюшы «Экспрес Плюс» Коллекторлық агенттігі» ЖШС-нің несие қарыз ақшасы 154 169 теңгені 2022 жылдың қазан айынан бастап, ай сайын 30 834 теңгеден 2023 жылдың ақпан айына дейін төлеуге міндеттенгендіктен, дауды медиация тәртібімен реттеу келісімін бекітті. Азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.
«Құлан таңы» ақпарат.