Сот жүйесіндегі заманауи технологиялар

287 Views

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі іске қосылды.Электронды құжаттарды беру сервисін пайдаланушы «Сот кабинеті» арқылы талап-арызбен, сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызбен, үн-бейне жазбаларға және сот отырысының хаттамаларына ескертулер, әділет органдарына атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқарушылық парақтың түп нұсқасын беру туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін сұратуға және іс қаралу барысында кез келген өтінішпен жүгінуге мүмкіндік алды.
Сот жүйесіндегі тағы бір заманауи жетістік – сот мәжілісін жүргізу барысында «Дыбыс және бейне жазба » қондырғысын қолданысқа енгізілуі. Мұндай құрылғылардың тағы бір артықшылығы, процесте айтылған сөздерді бұрмалауға, қысқартып немесе өзгерістер енгізуге мүмкіндік бермейді. Бейне-дыбыс жазбаның болуы жалған айтып, жала жабу немесе өзі айтқан сөздерден бас тартуға жол бермейді. Ал, хаттаманың жазбаша түрде емес, осындай электронды тасымалдаушы құралдарында жазылып, сақталуы сот отырысы хатшысының хаттамадан басқа да жұмыстарын атқаруға көбірек уақыт бөлуге бірден-бір септігін тигізеді. Хаттаманы осындай заманауи технологияларды пайдалану арқылы тек сот хатшысының ғана емес, осы хаттамамен танысуға ниет білдірген тараптардың да уақытын үнемдейді. Бұл қызмет халық үшін заң талабына сай өздеріне көрсетілетін мемлекеттік қызметті сапалы және заңды алу үшін үлкен септігін тигізеді.

М.Нүсіпәлі,
аудандық сот кеңсесінің жетекші маманы.

Поделиться ссылкой: