Жанашырлыққа – жан риза

380 Views

Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінің ұстаған бағыты мен мақсат-міндеттері де осы мұқтаж жандарға көмек қолын созу. Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға деген қарым-қатынасымен айқындалатынын ескерген бөлімше қызметкерлері қамкөңіл жандарды қашанда назарынан шығармай, барынша қолдау көрсетіп келеді.
Бүгінде «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінде 83 жалғыз басты қарт, 10-18 жастан асқан мүгедектігі бар азамат, 19 мүгедектігі бар балалар әлеуметтік мамандардың қамқорлығына алынған. Олардың бойында адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиетін қалыптастырып, ой-өрісін жетілдіру, өмірге деген құштарлығын арттыру мақсатында әлеуметтік қызметкерлер қызмет етеді. Әрбір мейрам сайын халқымыздың «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» деген даналығына сай, мұқтаж жандарға қуаныш сыйлау үшін мерекелік іс-шаралар өткізіліп тұрады. Жылдағы дәстүр бойынша 1 қазан – «Қарттар күні» мерекесіне орай және мүгедектігі бар азаматтарға арналып, қамқорлыққа алынған егде жастағы қарт және мүгедектігі бар азаматтардың, жарымжан балалардың басын қосып, іс-шара ұйымдастырылды. Бөлім басшысы Айхан Жамбылұлы Назарбеков барша қамқорлықтағы азаматтарды мерекемен құттықтап, әрдайым көмек қолын созуға дайын екендігін жеткізді.
«Жанаршылыққа – жан риза» дегендей, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы.

А.Қалиева,
аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің «Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінің әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкері.

Поделиться ссылкой: