Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Кітап – рухани досымыз. Мен мектепке алғаш келген кезде сынып жетекшіміз бізге «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген мақалды жаттатқызып, күнде сабақ бастамай жатып, осы мақалды қайталатқызатын. Уақыт өте бұл бізде әдетке айналды. Бұл мақалдың мағынасы өте тереңде екен. Білімді адамның өмірге деген көзқарасы мен ұстанымы өзгелерден бөлек, өзгеше болады.
Өмірде кезігетін кез келген мәселенің жауабын тек кітаптан таба аламыз. Ұлттың өткен тарихы мен өнері жазылған құнды кітаптар әркезде бағасын жоймай, қадірлі болары анық. Кітаптың құнды қасиеті келешек ұрпаққа мұра етіп беріліп келеді. Ұрпақтың білімді болуына талай жанашырлар өз үлестерін қосты. Соның бірі қазақ руханиятында өз орны ерекше педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым Ахмет Байтұрсынұлы.
Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми және әдеби шығармашылығына арналады.Осы акцияға орай «Ұлар» бөбекжай-бақшасының ересек топ балалары мен тәрбиешілері және ауданымыздың орталық кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп, «Кітапханаға саяхат» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара аясында балаларды мекеме қызметкерлері балаларды кіреберістен жылы қарсы алып, кітапханамен таныстырды. Кітапхананың іші кең, жарық, түрлі кітаптарға толы екені балаларды қуантқаны анық. Түрлі ертегі кітаптарды өз көздерімен көріп, қолдарына алып, ішіндегі түрлі-түсті суреттерімен танысты.
Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық әдебиетті насихаттау, тарихи және рухани мұраны сақтау, жастарды адамгершілікке тәрбиелеу, ана тілін құрметтеу. Осы мақсатты ауданымыздың кітапхана қызметкерлері Аида Мұқағалиева, Жанерке Дүйсен балаларға достық туралы, адамгершілік қасиет туралы ертегі оқып, балалардың қызығушылығын арттырды.
«Жақсы кітап жан азығы» демекші, бір күнімізде жанымызға азық болатын дүниемен танысып келгенімізге «Ұлар» бөбекжай-бақшасының балалары да, тәрбиешілері де өте қуанышты.Ауданымыздың орталық кітапханасына ерекше алғысымызды білдіреміз.
Сандуғаш Бейбітқызы,
«Ұлар» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі.