Еңбегімен танылған азамат
18 ViewsСовет Одағы кезінде елімізге әйгілі, өсіп-өркендеген іргелі, озат шаруашылықтың бірі де, бірегейі де «Луговой жылқы заводы» болғаны баршамызға мәлім. Әр жылдары совхозда еңбек еткен…
22 қазан күні штабтың үгіт-насихат тобы Ақмола облысының Қосшы қаласының Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуге келгендерді үміткердің сайлау алды платформасының басты бағыттарымен таныстырды. Қарақат Әбден өз бағдарламасының әрбір қазақстандықтың өміріне қалай әсер ететінін әңгімелеп берді. Кездесу барысында сайлаушылар белсенділік танытып, түрлі сұрақтар қойып, мәселе көтерді. Сұрақтардың дені әлеумет, инфрақұрылым, баспананы жақсарту туралы болды. «Бүгін бізге Прездиенттіктен үміткер Қарақат Әбден келіп, өз бағдарламасының мәнін түсіндіріп берді. Өзім қаламыздың инфрақұрылымын дамытуға байланысты бірнеше сұрақтар қойдым» – деді Қосшы тұрғыны Әлия Бекенова. Қосшыда 60 мың тұрғын бар. Экономикасы дәстүрлі түрде Астанамен тығыз байланысты. Бұл қалаға да Қазақстанның басқа агломерациялары сияқты – халық санының өсуіне сай проблемалар тән. Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау 20 қараша күні өтеді.