2022 жылғы 27 қазанда ҚР Орталық сайлау комиссиясы саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдеріне семинар өткізді

491 Views

2022 жылғы 27 қазанда Орталық сайлау комиссиясы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктер және коммерциялық емес ұйымдардың 146 өкілінің қатысуымен ҮЕҰ Академиясының YouTube арнасында тікелей көрсетілім арқылы онлайн-семинар өткізді.  Негізгі спикерлер Ортсайлауком Төрағасының орынбасары Константин Петров, сондай-ақ ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова болды.  Семинарға қатысушыларға 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу ерекшеліктері, кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүргізудің құқықтық шарттары, сондай-ақ сайлауға ұлттық байқауды жүзеге асыру ерекшеліктері егжей-тегжейлі түсіндірілді.  Семинар қорытындысы бойынша саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері ұлттық байқаушыларды, БАҚ-ты тіркеуге, байқаушыларға дауыс беру рәсімін кедергісіз қарау үшін жағдай жасау, үйде дауыс беруді байқауға, сондай-ақ сайлау күні қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізуге, үгіт жүргізу кезінде заңды шектеулерге және т. б. қатысты сұрақтарға толық жауап алды.  Семинар жазбасы келесі сілтеме бойынша сақталды https://youtu.be/jszZ3qfaBWQ.

Поделиться ссылкой: