Баршаның назарына!
15 ViewsБаршаның назарына! Ардақты ағайын, қадірлі қонақтар! Сіздерді қазақтың ұлттық дәстүрі мен рухы тоғысқан айшықты мереке саналатын «Қымызмұрындық – 2026» іс-шарасына шақырамыз! Бұл іс-шара Мемлекет…
2022 жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына ТМД-дан байқаушылар Миссиясын ашу аясында ТМД Атқару комитеті Төрағасының — ТМД Атқарушы хатшысының орынбасары Ильхом Нематовпен кездесуі болды. Кездесуге Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов, сондай-ақ ТМД байқаушылары Миссиясы штабының басшысы Евгений Козяк пен Миссия штабының мүшесі Олег Кулеба қатысты. Кездесу барысында Нұрлан Әбдіров ТМД-дан байқаушылар Миссиясының ашылуымен құттықтап, сұхбаттасушыларды сайлау науқанына дайындық пен өткізудің негізгі кезеңдерімен таныстырды. Өз кезегінде, Ильхом Нематов ТМД-дан байқаушылар Миссиясын ТМД Атқару комитетінің төрағасы – ТМД Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев басқаратынын хабарлады. Сондай-ақ ол Миссияның қызметі сайлауды ұйымдастыру мен өткізу саласындағы халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негізделе отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкес түрде жүзеге асырылатынын атап өтті.