Кезекті аппараттық кеңес өтті
52 ViewsКеше аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте «Жасыл белдеу» бағдарламасының іске асырылу барысы пысықталды. Соңғы екі жылда аудан аумағында 22,5 гектар жерге…
Бүгін Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевты қолдауға арналған ерекше іс-шара өтті деп хабарлады turkystan.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап. Сайлауалды науқан аясында ЖСДП белсенділері «Әуесбаев үшін марафон» атты флеш-мобқа жиналды.
Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың жақтастары «Астана Триатлон» саябағында 10 шақырымға жүгіру акциясын ұйымдастырды. Осылайша олар Нұрлан Әуесбаевты қолдайтындарын білдіргісі келген. Сонымен қатар еліміздің түкпір-түкпірінде партия филиалдарының басшылары үміткерімізді қолдау мақсатында түрлі іс-шараларды өткізіп жатыр, – деп атап өтті Әуесбаевтың ресми өкілі Мақсұт Нәсибулов.