Қазақстанда жолаушылар тасымалы 2,9% өсті
26 Views Қазақстанда жолаушылар тасымалы 2,9% өсті 2026 жылғы қаңтар–қазан айларында Қазақстанда барлық көлік түрімен 1,64 млрд жолаушы тасымалданды. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда…
ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбден астаналық сайлаушылармен кездесу өткізді. Сайлауалды жиынға қала тұрғындары мен ұлттық киім өндірушілері, қолөнер шеберлері жиналды. Жиын барысында Қарақат Әбден өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Үміткер өз сөзінде ұлттық киім өндірушілерінің еңбегі еленбей жатқанын жеткізіп, ұлттық киім өндірісіне мемлекет кеңінен қолдау көрсету керектігін айтты. Айта кетсек, Қарақат Әбден бұған дейін Ақмола облысы және Қарағанды қалаларының тұрғындарымен жүздескен еді. Республика бойынша үміткердің 20 штабы іске қосылған. Алдағы уақытта оның Павлодар, Абай және Алматы облысының сайлаушыларымен кездесу өткізетіні мәлім.