Шоқ тілді Шона
40 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
28 қазанда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Ақмол ауылында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу жергілікті Мәдениет үйінде өтті. Шара барысында үміткер халыққа жақын болу үшін сахнадан залға түсті. Жиналған қауымды сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Өз сөзінде, Нұрлан Әуесбаев, мемлекет алдында тұрған басты мәселе – жемқорлықпен күрес екенін атап өтті. Үміткердің пікірінше, ол үшін, ең алдымен, саяси реформаларды жүзеге асыру керек және мәжілістің рөлін күшейтпек керек. Жалпы, Ақмолдағы басты мәселелердің бірі – дамыған әлеуметтік инфрақұрылымның жоқтығы. Атап айтқанда, ауылда оқушы орны тапшылығы байқалады. Ақмолдағы бала саны ескі мектептегі орын санынан әлдеқайда көп. Сонымен қатар тұрғындар балабақша салуды сұрайды. Бұл ретте Нұрлан Әуесбаев өзінің сайлауалды бағдарламасында әлеуметтік саясатқа ерекше көңіл бөлінгенін атады. ЖСДП-дан үміткер білім беру саласы мемлекет тарапынан айрықша назарды талап ететінін белгіледі. Медицина және білім беру салаларына ЖІӨ-ден жылына ең кемі 5-7%-ды бөлуді ұсынды. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілі мұндай шараның инфрақұрылым мен жабдықты кезең-кезеңмен жаңартып отыруға, дәрігерлер мен мұғалімдер еңбекақысының банк қызметкерлері деңгейіне дейін көтеруге мүмкіндік беретіндігін айтты. Мұның маңызы зор, себебі аталмыш мамандар адами капиталдың сапасына жауап береді, ал бұл өз кезегінде отандық экономиканы дамыту үшін негізгі талап болып саналады.