Қазақстанда жолаушылар тасымалы 2,9% өсті
26 Views Қазақстанда жолаушылар тасымалы 2,9% өсті 2026 жылғы қаңтар–қазан айларында Қазақстанда барлық көлік түрімен 1,64 млрд жолаушы тасымалданды. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда…
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.М. Легкийді тіркеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және Қазақстан Халық партиясы Бюросының 2022 жылғы 22 қазандағы № 279/02-30 қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің мүшесі Дмитрий Максимович Легкийге берілсін. 2. Дмитрий Максимович Легкий Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3. Дмитрий Максимович Легкийге белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Төраға Н. Әбдіров
Хатшы М. Ерман
Астана қаласы
2022 жылғы
31 қазан № 101/591