Саяси науқан қыза түсті

355 Views

Т. Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайын­дық жұмыстарын күнтізбелік жоспарға сәйкес атқаруда.
Ауданда 35 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Жергілікті атқарушы орган тарапынан учаскелер үстел мен столдар, телефон аппараты, сейф, көшіру аппаратымен қамтамсыз етілген. Әр учаскеде дауыс беру пунктте сайлау учаскелік номері, көрсеткіштер және күнтізбелер ілінген.
Барлық учаскелерде дауыс беруге арналған кабиналар құрылып, тұрақты және тасымалдау жәшіктерімен қам­тамасыз етілген, ақпараттық стендтерде тиісті мәліметтер орнатылған, мүмкіндігі шектеулі сайлаушы азаматтарға пандус, тактильді төсеніштер және де барлық 35 сайлау учаскелері, сайлау өтетін үй-жайлар 1-ші қабатта орналасқан.
Сайлауға қатысты түсіндіру материалдары жергілікті БАҚ «Құлан таңы» газеті беттерінде және АСК интернет – сайт парақшаларында тұрақты түрде жарияланып отыр.
Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша сайлаушылардың тізімдері өзектендіріліп, 15 ауылдық округі құрамындағы 35 сайлау учаскелеріне таратылып берілді.
Берілген тізім бойынша Т.Рысқұлов ауданының сайлау­шыларын, учаскелік сайлау комиссиялары тізімдермен танысу үшін сайлаушыларға ұсынады.
Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайын­далған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.
Айта кететін жайт, егер де сайлаушы өзінің аты-жөні сайлаушылар тізімінде жоқ екені сайлау күні расталса, онда «Онлайн-сервис» порталы арқылы ЖСН-нін теріп, өзінің қай учаскеде тіркелгенін білуге болады.

Т.Иманбеков,
Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының хатшысы.

Поделиться ссылкой: