Діни сауаттылық, зайырлы қоғам және ұлттық құндылықтар
«Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Жамбыл облыстық «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Діни сауаттылық деңгейін арттыру, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау» әлеуметтік жобасының аясында жуырда Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Діни сауаттылық, зайырлы қоғам және ұлттық құндылықтар» атты кездесу өткізілді.
Шара барысында қатысушыларға жалпы дін туралы және ислам діні туралы толық ақпараттар айтылды. Діннің адам өмірінде алатын орны туралы мәлімет беру және болашақ ұрпақты елін сүюге, адамгершілікке, имандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу тақырыбы төңірегінде Тараз қалалық «Ар-Рахманир Рахим» мешітінің бас имамы Ембергенов Амангелді жастарға әсерлі уағыз-насихат айтып, жан-жақты сұрақтарға жауап берді. Дәстүрлі дінге деген көзқарасты өзгерту мақсатында радикалды ағымдар таратып жатқан уағыздардың зардабы мен нәтижесі туралы айтып, деструктивті ағымдардың шығу тарихы мен жолын түсіндірді.
Шараға жастар және мұғалімдер, полиция қызметкерлері қатысты. Іс-шараға жалпы саны 65 адам қатысты.
«Құлан таңы» ақпарат.