Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік
Кітап – рухани құндылық. Адамға ауа қандай қымбат болса, рухани нәр беретін кітап та одан бір мысқал кем емес. Сондықтан да кітапханашылардың жүргізетін басты жұмыстары – кітапты насихаттау. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана. Әрбір ауылдық кітапханада мәдени көпшілік жұмыстар жоспарлы түрде өткізіліп тұрады. Соның бірі – «Буккросинг». Басты мақсаты – үйіңізде шаң басып жатқан немесе оқымаған кітаптарға «екінші өмір сыйлау», оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын өткізу. Әртүрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру.
Қорағаты шағын орталықты орта мектебінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Оқы және өзгеге сыйла» атты буккросинг акциясы мектеп кітапханасында мұғалімдер мен оқушылардың атсалысуымен өткізілді. Акцияға бастауыш сынып мұғалімі Гүлжан Абдихаймова екі дана әдеби кітаптарды сыйға тарту етті. Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына. «Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік», – деген Ғабит Мүсіреповтің сөзі бар. Ал, Абай атамыз «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге» деген. Оқырмандар үшін біздің мектебіміздің кітапханасының есігі әрдайым ашық.
Айгүл Еркебайқызы,
Қорағаты шағын орталықты
орта мектебінің кітапханашысы.