2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау бюллетеньдері туралы

438 Views

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 24 және 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің  (бұдан әрі – сайлау бюллетеньдері) саны, сайлаушылардың тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 1 проценті резервін қоса, 12 069 990 (он екі миллион алпыс тоғыз мың тоғыз жүз тоқсан) дананы құрайтын болып белгіленсін. 

  2. Сайлау бюллетенінің мәтіні осы қаулыға 1-қосымшаға сай бекітілсін.  

3. Сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі осы қаулыға 2-қосымшаға сай (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін. 

4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты сайлау бюллетеньдерін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссияларына арнайы байланыспен жеткізуді қамтамасыз етсін. 

5. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиялары сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына 2022 жылғы 17-19 қараша  кезеңінде жеткізуді және беруді қамтамасыз етсін.  

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы М.Т. Ерманға жүктелсін. Қосымша… Төраға Н. Әбдіров Хатшы М. Ерман Астана қаласы  2022 жылғы 31 қазан  № 103/593

Қосымша 

                                 Төраға                                                                     Н. Әбдіров

                                     Хатшы                                                                    М. Ерман

Астана қаласы 

2022 жылғы

31 қазан  № 103/593

Поделиться ссылкой: