Өлкетану – тарихты деректеудің бастауы
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырмасымен Жамбыл облысы «Қазақстан студенттер Альянсы» қоғамдық бірлестігі аудан, ауыл тарихын деректейтін өлкетанушылар клубтарын құруды ұйымдастыруда.
Қоғамдық бірлестігіміз Республиканың үздік өлкетанушысы Әлі Бекқұлы Әліұлының көмегімен ауданның 25 орта мектептерінде жүргізілген семинар-кеңестерде өлкетанушылар клубы құрылып, жетекшілері тағайындалды. Өлкетанудың жоспары, тақырыптары түсіндіріліп, өлкетану клубының жетекшілеріне тапсырылды.
Жоспарланған өлкетану жұмыстары:
1.Тарихи тұлғалар: Билер, батырлар, қайраткерлер
2.Ұ.О.С майдангерлерінің ерлігін деректейтін өлкетанушылар тобын белгілеу.
3. Аймақта орналасқан археологиялық ескерткіштер, тарихи жерлер, қасиетті орындарға «Туған жердің тарихы – тұнған шежіре» атты танымдық саяхат ұйымдастыру. Ескерткіштердің қорғау тақталары болмаса тиісті мекемелерге хабарлау.
4. Ұ.О.С-да жоғары әскери ордендермен марапатталғандар туралы «Ер есімі – ел есінде» атты іс-шара өткізу.
5. «Аудан шежіресі – ұрпақтан ұрпаққа» атты жастар орталығының ұйымдастыруымен аға буын өкілдерімен кездесу өткізу.
6. Аудандық білім бөлімінің қолдауымен Өлкетану және туризм орталығының «Туған ел – алтын бесігім» атты іс-шара өткізу.
7. Жоба аясында жинақталған материалдардан өлкетану мұражайын, бұрышын жабдықталуын аудандық білім бөлімі бақылауға алуды үйлестіру.
Құрметті оқырман, көнекөз ауыл қариялары ауыл тарихы көрсетілген тақырыптар мәліметін білетіндер болса, өлкетанушыларға, жетекші мұғалімдерге деректеулеріне бағыт көрсетулеріңізді, мәліметтеріңізбен бөлісулеріңізді сұранамыз.
Қаныбек Мұратбаев,
«Жастар Альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.