АДАМ ҚАДІРІ – ҚОҒАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ӨЛШЕМІ
30 ViewsАДАМ ҚАДІРІ – ҚОҒАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ӨЛШЕМІ Адамды құрметтеу оның лауазымына, әлеуметтік жағдайына немесе қоғамдағы орнына байланысты болмауы керек. Әрбір адамның өзіне тән қадір-қасиеті, ар-намысы…
Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік экономикалық даму процесін, нарықтық экономика құрылысын, инвестиция тартуды тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді. Елдің дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. 2014 жылы 26 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа стратегиясы» бекітілді. Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі.