Мейрам Қажыкен студенттермен кездесті

295 Views

Ақтөбе қаласында жүрген ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері және профессор-оқытушыларымен кездесті деп хабарлады turkystan.kz.

Кандитат алғашында өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Содан соң  қатысушылар да өздерін қызықтырған  сұрақтарын қойды.  Олар негізінен әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу жоспарларына қызығушылық танытты.

М. Қажыкен медицина қызметкерлеріне лайықты еңбекақы төлеу қажеттігін, сонымен бірге республикалық бюджет тарапынан денсаулық сақтаудың барлық саласын қаржыландыру керек екенін атап өтті.

«Бұл медицина саласындағы кадрлардың жетіспеушілігіне алып келетін өзекті мәселе. Медицина қызметкерлерінің тапшылығын жою үшін, дәрігерлердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуы және олардың жалақысын арттыру үшін ілкімді шаралар қажет. Бұл менің міндеттерімнің бірі. Бұл дамуды қажет ететін әлеуметтік серіктестіктің міндеті», – деді үміткер.

Сондай-ақ Мейрам Зекешұлы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл саланы елдегі ЖІӨ-нің 6%-ы көлемінде қаржыландыруды ұсынатынын мысал етті.

«Ал бізде қаржыландыру ЖІӨ-нің 1,4 пайызын құрайды. Зор айырмашылық байқалады», – деді М. Қажыкен.

Болашақ мамандарды тұрғын үй сатып алу және жұмысқа орналасу мүмкіндігі сияқты тақырыптар да  қызықтырды.

«Менің бағдарламамда жастарға ерекше көңіл бөлінетіні атап өтілді. Өйткені олар еліміздің болашағын құруда. Жастарға барлық жолдарды ашып, өзін-өзі дамытуға, үй сатып алуға, кәсіби каръерасын құруға барлық мүмкіндіктер жаратуымыз қажет. Өйткені, адам әлеуметтік мәселелерге қаншалықты аз көңіл бөлсе, соғұрлым ол жұмысқа және өзінің кәсібилігін арттыруға көп көңіл бөледі. Бұл жалпы ел экономикасына әсер етеді», – деді ол.

Кездесу соңында М.Қажыкен Ақтөбеде сайлаушылардың сұрақтары мен тілектерін қабылдайтын штаб жұмыс істейтінін айтты.

Поделиться ссылкой: